с днем рождения мама казакша

Поздравления с днем рождения на казахском языке

Туған күн құтты болсын,
Өмір жасың ұзақ болсын.
Орындалсын армандарың,
Мықты болсын тірегің.
Тіл мен козден-аман бол,
Арыстандай айбатты бол.
Денсаулығың зор болсын,
Жумысың алға бассын.
Аспаның ашық болсын,
Шаңырағың биік болсын.

(Перевод в стихах)
Поздравляю с днем рождения,
Желаю счастья и везения.
Пусть сбудутся твои мечты,
Чтобы сиял от счастья ты.
Пусть будет долгим жизни путь.
Желаю крепкого здоровья,
Желаю мира и добра.
Желаю радости, тепла.
Счастья, бодрости, успеха.
И чтобы дом твой был полон смеха

Құтты болсын мереке,
Басынан кестпесін береке.
Туған күн құтты болсын
Жасыңа жас қосылсын.
Үйің күлкіге толсын,
Денсаулығың зор болсын.
Басың аман болсын,
Шаңырағың биік болсын.
Бақыт құсы кетпесін,
Туған күн құтты болсын!

(перевод в стихах)
Поздравляю с праздником,
Праздником рождения!
Пусть будет благо в твоём доме,
Пусть будет долгим жизни путь.
Дом будет полон звонким смехом,
Ну а здоровье, будет крепким.
Пусть будет рядом птица счастья,
И гонит прочь все-все несчастья.
Я поздравляю с днем рождения,
Улыбок, счастья и безграничного везения!

Құттықтаймын сенi мен, туған күніңмен.
Күлкі кетпесін сенің айлы жузіңнен.
Әрдайым ақша болсын сенімен,
Бақытты өмір сүр, бала-шағаңмен.
Басыңа-береке, үйіңе-мереке.
Денсаулығың зор болсын,
Қазы-қарта мол болсын.
Жұмысың табысты болсын
Туған күнің құтты болсын!

(перевод на русский)
Поздравляю тебя я, с днем рождения.
Пусть не сходит никогда улыбка с твоего лица.
Будь всегда при деньгах,
Будь счастлив с семьёй.
Пусть в доме всегда царит счастье и праздник.
Здоровья — крепкого,
Работы-прибыльной.
Побольше казы-карта.
С днем рождения тебя!

Құтты болсын туған күнің,
Құттықтауға келдік бүгін.
Әрбір күнің жарқын болсын,
Қуанышқа толы болсын!

Әрқашан жолын ашық болып,
Армандарын орындалсын,
Денсаулығын мықты болсын.
Жаңа жасын құтты болсын!

(перевод с казахского)
С днем рождения поздравляем,
И тебе мы пожелаем,
Пусть будет ярким каждый день
И полон счастья новый день!

Пусть будет открыта дорога всегда,
Исполнится каждая твоя мечта,
Здоровье будет крепким всегда.
С днем рождения тебя!

Туған күнде құттықтайтын,
Жанында жақындарын болсын.
Үйіндегі дастарханын,
Әрқашан дәмге толсын.

Әрбір күнін көңілді,
Сағаттарын сәнді болсын.
Дәл осы қуанышты күнде,
Құшағын гүлге толсын!

Ешқашан қайғы-мұңға,
Жүректе орын болмасын.
Аппақ гүлдей көңіліңді,
Ешқашан да кір шалмасын.

(перевод с казахского в стихах)
Поздравлять тебя в день рождения,
Пусть будут рядом родня.
Пусть дастархан твой,
Полон будет всегда.

Пусть каждый радостный миг,
Каждый часы будет изящными.
И в этот радостный день,
Пусть объятия наполнится цветами.

Пусть в сердце не будет,
Место бедствиям никогда,
Пусть твою чистую душу,
Не огорчит никто никогда.

Құттықтаймын туған күніңмен,
Омірге рахмет,
Кездестірген ушін сенімен.
Тілеймін ұзақ өмір және бақыт.

Әрдайым дастарханың мол болсын,
Жақындарың тілмен көзден аман болсын.
Ойнап, күліп, құлпырып жүр,
Басқан қадамыңа жаусын нұр.

Сенімді болсын қасыңдағы достарың,
Ашық болсын әрқашан аспаның.
Биік болсын көтерген шаңырағың,
Құтты болсын бүгінгі туған күнің!

(перевод с казахского в стихах)
С днем рождения поздравляю,
Веселья постоянного желаю.
Желаю жизни долгой и счастливой,
Желаю жизни яркой и красивой.

Желаю чистого, мирного неба,
И на столе душистого хлеба.
Пусть счастье прибудет в твой дом,
И приятных моментов будет полон он!

Пусть рядом всегда будут верные друзья.
Пусть заботой окружает, вся твоя семья.
Ну и будь всегда счастливым,
Озорным и говорливым!

Құттықтаймын, құттықтаймын!
Құттықтаймын сенің мен.
Келген туған күніңмен.
Тілеймін шексіз бақыт.

Денсаулық мықты болсын,
Тілектерің орындалсын.
Аспаның ашық болсын.
Ұрыс-реніш болмасын,

Жақындарың қуантсын,
Сыйлықтарды әкелсін.
Өмір жасың ұзақ болсын,
Армандарың орындалсын!

(перевод в стихах)
Поздравляю, поздравляю!
Поздравляю я тебя
С пришедшим днем рождения.
Желаю счастья безграничного,
И здоровья отличного.
Исполнения желаний,
И подарков от родных.
Чтоб сбывались все мечты,
Чтоб сиял от счастья ты.

Туған күн, туған күн,
Қандай ғажап думан күн.
Бәрі сені құттықтап,
Ән салсыншы тәтті үн.

Шың жүректен тілерім,
Денсаулық пен амандық.
Мол боқытқа кенеліп,
Ұзақ соқсың жүрегің.

Арман-мақсат ойдағы,
Орындалсын әлбетте.
Талант, жігер бойдағы,
Өсірсін сені қызметте.

Әр жыл сайын жас қосып,
Өссін ақыл-санаң да.
Аман жүрсін жер басып,
Жанындағы ата-анаң да.

(перевод с казахского)
День рождения, день рождения,
Какой чудесный день.
Вас все поздравляют
Сладким голосом звеня.

От всего сердца желаю,
Здоровья и благополучия.
Пусть сердце долго стучит,
Живя жизнью счастливою.

Цели и мечты, что в сердце
Пусть непременно сбудутся.
Талант и энергия в здравом теле,
Пусть повысит в деле.

Каждый год, прибавляя возраста,
Пусть ваш ум просветляется.
И родители даст Бог,
Будут здравы в старости.

Источник

Красивые стихи ко дню рождения на казахском языке с переводом

Туған күн керемет мереке,
Бір жас үлкен болдың міне.
Басыңа келсін береке,
Жетебер көптеген биікке.
Ең маңызды айтарым саған —
Мол болсын әр қашан дастархан,
Жете бер арманға аңсаған,
Ашық болсын әрдайым көк аспан.
Денсаулығының болсын мықты,
Балаларың болсын қылықы.
Әрдайым тілеймін ақ жол
Ұзақ жасты өмірлі бол.

(перевод)
День рождения праздник прекрасный.
Вот еще на год, стал ты старше.
Пусть стол всегда будет полным,
А жизнь твоя будет долгой.
Чистого неба, мягкого хлеба.
Детей-послушных, дороги чистой.
Исполнения мечты,
И чтоб достиг вершины ты.

Бүгін сенің туған күнің,
Өмір есігін ашқан күнің,
Барлық сыйлық, тілектерді
Арнаймыз біз саған бүгін.

Жылдан жылға қартаймай,
Жастық шақ өтті деп мұнаймай,
Әр күнің жарқын болсын,
Айттық тілек осындай!

(перевод с казахского на русский в стихах)
Сегодня твой день рождения,
День, когда пришел ты в мир,
И сегодня все подарки, поздравления
От нас ты с радостью прими.

Не старей ты с годами,
Не печалься, что годы идут,
Пусть каждый день будет ярким
Вот такие пожелания, мой друг!

Туған күн кешінде,
Жиналайық бәріміз.
Қуанышты сәттерді,
Сақтайықшы біз есте.

Иесіне туған күнің тілерім,
Мықты болсын жүрегің.
Орындалар көптің айтқан тілегі,
Өмірдің бар жақсысын тіледім.

(перевод с казахского в стихах)
В твой день рождения,
Придем все вместе мы.
Счастливые мгновения,
Запомним навсегда мы.

Имениннику я желаю,
Пусть сердце будет сильным.
Да сбудутся все пожелания,
Желаю хорошего мгновения.

Түған күніңмен құттықтаймын!
Саған ең жақсысын тілеймін.
Сенің бойыңда қарапайымдылық,
Сұлулық кездессін.

Ғажайып армандар орындалсын,
Өмірде тек шексіз мейірімді адамдар болсын.
Өзендегідей ақша көп болсын
Қажет болса, ағып жатсын!

(перевод с казахского)
С твоим днем я поздравляю
Всего самого лучшего тебе желаю!
Пусть окружает тебя
Лишь красота и простота.
Пусть исполняются чудесные мечты,
И в жизни встречаются лишь люди
Бесконечной доброты.
Столько денег, как в реке
Текли сами по нужде!

Туған күн ерекше ғой әрбір жанға,
Асыға келдім мен де сені құттықтауға.
Бар жақсылықты тіледім бір өзіңе,
Жоспарларын орындалсын осы өмірде.

Денсаулығың әрдайым мықты болып,
Жүре берші ортамызда жарқын күліп.
Жанымнан табылатын бір өзіңсің,
Үзілмесін достығымыз ешқашанда.

(перевод в стихах)
День рождение особый день для каждого,
И я тороплюсь поздравить тебя.
Желаю большого счастья лишь тебе,
Пусть в этой жизни исполнятся все планы.

Пусть здоровье будет крепким всегда,
Будь рядом таким же радостным.
Всегда находишься рядом,
Пусть не уходит наша дружба никогда.

Туған күнмен құттықтауға рұқсат ет,
Осы күн ғой бәрінен де керемет.
Өмірдің бар жақсысын тілейміз,
Бақытты ғұмыр кешіп жүзге жет.

Жақындарын болсын жанында,
Бағаласын бәрі сені барында.
Сыйлы болып жүре берші ортада
Жас келген сайын от боп жалында.

(перевод в стихах)
Позволь поздравить с днем рождения,
Это самые прекрасные мгновения.
Желаем всего хорошего этой жизни,
Живи счастливо до столетия.

Пусть родные будут рядом всегда,
Пусть ценят тебя пока жива.
Будь почтенным среди нас,
Каждым годом пылай не угасая.

Төл мерекең құтты болсын,
Өмірің бақытқа толы болсын,
Жасына жас қосылып,
Денсаулығын мықты болсын!

Бар арманын орындалып,
Әрқашан күлімсіре!
Осындай міне тілекпен
Құттықтаймыз біз сені!

(перевод в стихах)
Поздравляем, именинник!
Желаем огромного счастья,
Пусть год за годом
Здоровье становится крепче.

Пусть исполняются все мечты.
Улыбайся всегда!
С такими пожеланиями
Поздравляем мы тебя!

Бүгін міне қуанышты күн сен үшін,
Қымбат бізге сенің әр күнін.
Құттықтаймыз сені қуанышыңмен,
Табыламыз жаныңнан сенің бүгін.

Ақ тілектер төгіледі жүректен,
Орындалсын сол айтылған тілектер,
Жазылмасын әрқашанда арамыз,
Ұзақ соқсын жүрегіміз дір еткен.

(перевод с казахского в стихах)
Сегодня вот радостный день,
Дорог для нас каждый твой день.
Поздравляем тебя с этой радостью,
И будем рядом в этот день.

От чистого сердца идут пожелания,
Пусть все что сказано сбудется.
Пусть всегда будем мы неразлучны,
Пусть бьется сердце всегда.

Источник

Анаға тілек құттықтаулар мен тілектер, пожелания и стихи маме на казахском языке

Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз бар. Ендеше Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да.

Сколько нежных слов, искренних пожеланий, песен и стихов посвящены матерям! В народе есть крылатые слова: «Мать одной рукой качает колыбель, другой весь мир». Поэтому никогда не кончатся наши пожелания, песни и стихи в честь наших матерей, они и не должны заканчиваться!

Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!

Милая моя мама, ищущая своё счастье и радость в проделках и забавах своих деток. Даже если я пожелаю тебе все лучшие пожелания на свете, это будет мало. Самое главное пусть бог пошлёт Вам доброго здравия! С лица никогда не уходит доброта, всегда излучайте свет, и пусть ваше материнское счастье никогда не иссякает!

Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!

Милая моя бабушка, всегда желает мне добра, терпит мое баловство, переживает, если я болею, и всегда по мне скучает. Моя бабушка добродушная, с открытым и добрым сердцем, с богатым внутренним миром и благородными помыслами. Твоему светлому образу очень идет твой белый платок, и ты всегда очень внимательна к своим любимым внукам и внучкам.

Бабушка моя, ты всегда отдавала мне все самое вкусное, одевала меня во все новое и хорошее, всегда меня баловала, рассказывала мне интересные сказки и не уставала учить меня уму-разуму. Радуясь своим потомствам, будь всегда среди нас. Живите долго, не болейте!

Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз! Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәнгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дейді. Алла сізге күш-қуат берсін! Ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!

Бабулечка! Вы святыня нашей семьи, советница каждому из нас, именно вы создаете единство нашей семьи (шанырака)! Вы все делали для своих детей, воспитывали их, давали им свою любовь и доброту, без устали трудились, никому не давали в обиду. И сегодня каждый из них поднял свой шанырак, и ваша маленькая семья превратилась в большой лес. Именно поэтому ваши дети безмерно вам благодарны! Говорят, что «Человек, у которого есть мама, никогда не стареет». Дай Вам Бог сил и терпения. Среди своих сыновей и дочерей, внуков, внучек, правнуков и правнучек пусть всегда у вас на лице сияет солнечный свет, будьте всегда среди них в их радостные мгновения.

Вся жизнь была посвящена детям, своему очагу. Мать, которая взрастила дочерей и сыновей, сегодня находится на пьедестале почета!

Поздравляем вас, дорогая наша Мама
Даже если мать на спине отнесешь к Мекке не расплатишься долгами гласит народная мудрость. Это какой пик высоты нужен для матери от детей!
Дорогая наша мама, желаем вам долголетия.

От всего сердца говорю самые теплые слова моей Маме. Ты нас родила, вскормила своим молоком, взрастила и мы, дети твои говорим большое спасибо и всегда перед тобой в долгу. Спасибо за твои мягкие ладони, которыми гладила нас по голове. Спасибо за то, что нас ласкала как солнце землю. При солнышке светло, при матери тепло гласит народная мудрость. Дорогая ты наша.
Мама – даже если навернулись слезы на твои глаза, то пусть это будет слезами радости. Желаю долгой предолгой жизни на радость твоих детей.

Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын жетпіс бесіңіз, әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырығы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығын байқалған.
Есен болсын ұрпағынңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!

Корабль счастья плывет
Встречаешь с улыбкой ты
Поздравляем вас миля бабушка с юбилеем
Боготворим вас.
Вы огромное дерево, раскидистой кроной
Много людей искусившее опору от вас
Пусть живут на радость твои потомки
Пусть будет счастье, радость
Пусть прибавятся года к годам.
Пусть доживешь до ста без старости.

Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекен ұзағына бола берсің,
Үй-ішің немере, шөбереге тола берсің!

Әжетай, мейірің көп таңдандырған,
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямыдың,
Өзіңе борышы көп балалардың.

Бабушка, будь красивой
Радуйтесь от души
Трудом находя радость
Живи долго среди нас
Праздник твой пусть долго длится,
А дом полнится детьми детей твоих
Бабушка, ты очень добра
Ради нас не боялась ты трудностей.
Не жалела тепло своего сердца
Дети пред тобой в неотплатном долгу.

Мейрім мен махаббатан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылыткан ыстық алақаныңыздан? «айналайын» деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді уніңізден артық біз ушін ешнәрсе де жоқ, ана(мама).

От всего сердца поздравляю самую дорогую, самую желанную – маму. Ты нас вскормила своим молоком, лелеяла нас и вырастила за это очень благодарны мы – дети твои и мы всегда в неотплатном долгу.

Твоя любовь мама, твое доброе открытое сердце до сих пор нас согревает, так живите долго-долго.

Мамочка когда смеешься ты мы радуемся, даже если слеза из глаз твоих потечет – пусть будет это только от радости. Живите на радость нам.

Ана деген киелі есім, Алла берген бар мәнін,
Күн шуағы төгілгендей мынау күні Алланың.
Бар бақытты өмір саған Ана берген әрдайым,
Барша Адамзат Аналарға басыңды ию- Аллаға!

Имя мама дано самим Богом.
Этот светлый, теплый день подарен Богом.
Этот счастливый миг жизни подарен маме
Все, кто склоняет голову перед мамой – это к Богу.

Источник

Анама туған күнге арналған құттықтау тілектер (анаға, мама, анашым)

с днем рождения мама казакша. Смотреть фото с днем рождения мама казакша. Смотреть картинку с днем рождения мама казакша. Картинка про с днем рождения мама казакша. Фото с днем рождения мама казакша

Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық баққытқа кенеліп жүре беріңіз.

Енеме туған күнге тілек

Туған күнге арналған әдемі тілектер

Анама туған күнге арналған өлеңдер

Ана деген – ұлы есім!
О, Ана!
Неткен ұлы есім ең!
Тұрса да қажып тағдыры,
Бар шаттығым – бала деп,
Тәнін торлап таң нұры,
Мін бақпай ұрпақ өсірген.
Бар қатені кешірген,
Жасайды мәңгі аруана
Жалғасып тарих көшімен.
Асаудай асыл бейнесі,
Кетпейді адам есінен.
Баласын басса бауырына,
Нәр тамған ақ төсінен.
Бармақтай жатқан бақытты
Артық көрген өзінен.
Ол – сәби, сонда жылайды,
Ынтызар көмек сұрайды,
«Іңгә» деген сөзімен.

Анашым сіз менің жұмағымсыз.Сізге деген алғысым да, махаббатым да шексіз.Өмірге мән беріп қарасам сізден асқан адам да,сізден асқан байлықта жоқ екен.Сіздің кей сөздеріңізді тыңдамағаным үшін кейде өзімді жек көрем.Сіздің бізге берген жылуыңызды,қамқорлығыңызды ешкім,ешқашан бере алмайтынына көзім жетті.Йә анашым мен ер жеттім,есейдім.Бірақ,сіз үшін әрдайым бала болып қала беретінім сөзсіз.Қарға да, баласын аппағым демейме? Анажаным мына қысқа өмірде сізге қанша алғыс айтсамда артық етпейді.Бала болдық,балалық жасап жүріп дана болдық.Өзіміздікі дұрыс,бәрін өзіміз жасаймыз дейтін едік.Мен қатты қателесіппін.Сіз біздің тынысымыз екенсіз.Сізсіз кеудемдегі жүректің соғуы екі талай екен түсіндім.
Кешір ана ренжіткен күндерім үшін,
Кешір ана мұңайтқан түндерім үшін.
Ақылыңды тыңдамай кей-кездері,
Түнделетіп жүргенім үшін.
Йа, анашым бұл ұлыңыздың сізге деген алғысы деп білгейсіз..Алладан тек амандығыңызды тілеймін!Жүз жасаңыз анажан.

О, Ана!
Неткен ғажап есім ең!
Сен дегенде елжіреп,
Сен дегенде көсілем.
Сен дегенде шалқимын,
Болаттай жанып, балқимын.
Ақшақардай айналып,
Қыл гүліндей жайқалып,
Самалың боп аңқимын.
Сен үшін тартып тауқымет,
Найзағайдың ұшқынын
Жүрегіме шаншимын.

О, Ана!
Неткен жеңіл есім ең!
Үш әріптен құралып,
Үш жүзді жалғастырып ең.
Мәңгіге мұрағаттаулы
Баға жетпес шежірең.

Тыңдаушы, бір сәт елең ет!
Айтуға жеңіл емес пе?
«Ана» деп тіл қат, керемет!

О, Ана!
Неткен байтақ едің сен!
Жер анадайсың керілсең.
Иен құшағың бірде тар,
Бірде шексіз, бірде жар,
Қасиетіңнен айналдым!

Бұрымды шашың толқындай,
Майланған өзен сияқты.
Жанарыңа жас толмай,
Бастаудан бойлап ол ақты,
Кей кезде таңғы шықтардай,
Тұрады мұңмен мөлдіреп,
Кірпігіңе жармасып,
Үзілейін деп үлбіреп.

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.

Ана, жаным, жүре берші қасымда,
Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».

Сұм тағдырды кешіп өттің басымнан,
Сондықтан да ширақ болдың жасыңнан.
Кешір ана, қателессем кеше көр,
Бірақ алыс кете көрме қасымнан.

Аяулы Ана! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз! Арамызда бүгінгі күндей жарқырап, күліп-ойнап жүре беріңіз!

Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.
Алпыстың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!

Ұрпақтарын таралған
батасымен жебеп тек,
Етегіне оралған
немересін өбектеп.

Жетегіне ап қайда да
қиқар ұлды ойнатып,
Жүруші еді аулада,
сар самауырын қайнатып.

Ақ жаулығы басында
иығында сұр жемпір,
Қазан-ошақ қасында
жүруші еді бір кемпір.

. Анам менің жоқ қазір
аспанжа жүр, жерде емес.
Жоқта жүрек, жоқта жыр
Мұның бәрі енді елес.

Анам, Әкем, Отаным – үш шынарым,
Үш шынарым, үш тұмар, үш бұлағым,
Сендерге арнап сайраудан танбас та едім,
Білсем барлық адам мен құстың әнін.

Кезімде мың тұрып, мың құлаған,
Жылуыңмен сендердің жүрмін аман:
Тал бесігін тербетіп, «Балапанын»
Әніменен ұйықтатқан бұлбұл – Анам.

«Шиыр жолға аласы, құласы бар
Тәуекел мен Үмітің ғана шыдар,
Елім аман болсын де» деп үйреткен
Сен едің ғой, сен, Әке, дара шынар!

Артқан соң бала сенім,
Дертімнің дауасы едің,
Биік қой бұл өмірде,
Қадірің ана сенің.

Өмірге қадам мығым
Анашым – панам, күнім.
Баланың бақыты мен
Ойлаған амандығын.

Болған соң ұлтқа тірек,
Анада құт-қасиет.
Білемін ананы мен
Әлемнің тұтқасы деп.

Сен үшін атқан таң ақ,
Тек жалғыз хаққа аманат.
Ананы сүю керек
Мәңгілік баққа балап!

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Не бар екен анадан қымбат маған,
Тал бесікке бөлеген, құндақтаған.
Көз алдымнан ұзасаң сымбатты анам,
Сағынғаннан бір сені күн батпаған.

Жүрегіңнің жылуын шашқанда ана,
Оранады шуаққа аспан-дала.
Қасиетін ананың түсінеді,
Адамшылық жолымен басқан ғана.

Ойлап кетсем отырып анашымды,
Бұтақ жайған бәйтерек пана сынды.
Жинаған соң бойыма бар асылды,
Өтіп жатыр өмірім жарасымды.

Қалсам мен бүгін де егде тартып,
Еркелікті мойныңа келем артып.
Бас ауырып, балтырым сыздай қалса,
Жан таппадым жанашыр сенен артық.

Бүкіл тірлік аспанда күнім ғашық,
Ана жайлы ақтардым сырымды ашып.
Мерекесін аналар арқау етіп,
Кетті бүгін кеудемнен жырым тасып.

Жалау болып ананың ақылы ізгі,
Құлшындырып еңбекке жатыр бізді.
Өнерлі өрен өсірген елге лайық,
Әлия мен Мәншүктей батыр қызды.

Құлпырғанда кең далам шуағымен,
Қуанышпен көңілді жуа білген.
Құттықтаймын аналар мерекеңмен,
Нұрландырған өмірді қуатыңмен.

Өмірдің артқан жүгіне,
Мойымапсың да сынбапсың.
Үңілем жүрек түбіне,
Шешуін іздеп жұмбақтың.

Жетсемші дедің тілекке,
Сая боп бізге қанатың.
Дау бар ма
Ана жүрекке,
Бала үшін
Бәйек болатын.

Бар жоқты білмей шалқыдық,
Бұла боп өстік еркелеп.
От пенен өртке шарпылып,
Ағарды шашың ертерек.

Қыздарың ұшты қияға.
Ұлың да қонды ұяға.
Екі ауыз сөзге сия ма,
Ерлігің ерен ұлы ана.

Шаттыққа толар шартарап,
Анашым барда жаны ізгі.
Барсаңда Мекке арқалап,
Өтелмес ана парызы.

Өн бойың-үлгі, өнеге,
Парасат табам,
Бақ табам.
Немере деген немене,
Сарқытың бар ма сақтаған?

Ардақты ана есімі,
Әлі алда өмір несібі.
Тойласын жүзді туажат,
Тербетіп бақыт бесігі.

Сіз біздің Күнімізсіз жарқыраған,
Анадан қуат алған жарты ғалам.
Құны мен қасиеті тозбайтұғын
Біз үшін Ана деген алтын адам.

Анажан, көп көрдіңіз қасіретті,
Бұл күнде көзіңіздің жасы кепті.
Орныңда бар оңалар дегендейін,
Жаратқан шапағатын шашып өтті.

Әкеміз Мұрат бірақ көре алмады,
Ішінде кетіп еді көп арманы.
Аруағы оның Сізге ырза шығар,
Өзі еккен жайқалып тұр көк орманы.

Ырыс боп Түсен ата әулетіне,
Келесіз бақ боп дарып дәулетіне.
Біздерді жеткізем деп жан салдыңыз,
Ананың бала деген бауыр еті де.

Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз,
Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз.
Мың жасап үрім-бұтақ ортасында,
Мәңгілік үстем болсын мәртебеңіз!

Баршамызға бақытты өмір беріп,
Бойымызға орнаттың сенім берік.
Қашан болсын орын ап төрімізден
Отыра бер көркейіп, көңілденіп.

Көсегеміз көгеріп бір өзіңмен,
Жылылықты сеземіз гүл өңіңнен.
Отбасыңа мейірбан бола білдің,
Нұр сәулелі нәп-нәзік жүрегіңмен.

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз,
Сіз бар кезде асқармен теңесеміз.
Алшаң басып жүре бер арамызда,
Тарқамасын әрдайым берекеңіз.

Сіз жасаған қызметті
Күн мен Жұлдыз, Ай көрген
Анаңдай азиз мейірбан
Табылар саған қай жерден?

Ыңылдап даусың шыққанда
Көзінен ұйқы ашылған
Мейіріңді суға қандырған
Мейірбан бар ма осыдан?!
Көзінен ұйқы тараған
Қабағыңа қараған
Анаңдай қамқор бар ма екен!

Перзентке жұмсаған бұла күшін,
Ана – ырыс, бақ – дәулет,
Жұбанышың.
Көкбөрінің тегінен тарағандар,
Құтты болсын бүгінгі қуанышың!

Тал бесікке тірлікті ілмектеген,
Мадақтауға Ананы тіл жетпеген.
Алатаудың шыңына ту тігеді,
Анасына той жасап, құрметтеген.

Елу жасқа толыпсың анам бүгін,
Түрлендірсін ақ тілек өмір гүлін.
Құтты болсын дүниеге есік ашып,
Алғаш рет сәби боп келген күнің.

Орындалсын, анажан, басты арманың,
Жалындатсын нұрыңыз жастар жанын.
Ұлы тойға ұлассын туған күнің,
Жақсылыққа жайылып дастарханың.

Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.
Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп,
Арта берсін абырой беделіңіз.

Бұл күнде сізге перзенттік махаббатымыз жүрек түпкірінде әрдайым тербетіп жүретін ең ізгі де ыстық сезімімізді білдіргіміз келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бес тал гүліңізді бір өзіңіз аялап, бізді жеткізсем деп талай күндеріңіз бен түндеріңізді күлкісіз де ұйқысыз өткізгеніңіздің қандайлық азап екенін алдымыз балалы болып, соңымыз сізге күйеу бала мен немере қуанышын сыйласақ деген ойда жүргенде жете түсінгендейміз. Содан да болар, жан-жаққа тарап кетсек те есіл-дертіміз өзіңіз жылытып отырған алтын ұямызда, «алтындарымның бірі келіп қалар ма екен», деп үлкен жолға үнемі көз тігіп жүретін өзіңізде. Торыққанда – ақылшымыз, жабыққанда – сағынышымыз, өзіңізсіз. Мынау өмір сіз арқылы қызық, мағыналы, қымбат. Құдай сізге алдағы кезде тек бақытты ғұмырын бергей.

Анасын 50 жасымен туған күніне арналған құттықтау тілек сөз

Әрқашан да күліп жүрші,Анашым,
Жан жетпейтін асқақ тұрған дара шың.
50 жасты еңсеріп те тастапсың
100 жасаңыз, маған өзің панасың!

Ана-мейрам, Ана-таза,таңғы шық,
Ана десе атады әркез таң күліп.
Аналардан бастау алар жақсы істер
Тарихтардан айтар жартас жаңғырып.
Ана-шаттық,жүрер жерін сән қылып
Мінезіне қайран қалам,таң қылып.
Еркелігін баласының көтерген
Төзімділік Анажанға тән қылық.

Жамандықтан жиіркене қаштың да
Адалдыққа ашық қадам бастың да.
Балапаным,аман бол деп қорғайсың
Жұмақ кілті табаныңның астында.
Қарызымды қалай ғана өтермін
Ақымақтау мінезімді көтердің.
Қуанасың сәл биіктен көрінсем
Ана сенің тырнағыңа жетер кім.

Ана дейді жүрегім жарылардай
Еркелетсең мұңымнан арылардай.
Мейрамың құтты болсын мерейлеткен
Алыстан сәлем саған сағынардай.

Сізге деген тілегім таусылар ма
Әр тілек бар жаңбырлы тамшыларда.
Сансыз тілек тілеймін жақсылықтың
Әумин десін періште таң шығарда.

Анасын 70 жасымен туған күніне арналған құттықтау тілек сөз

70 жасың құтты болсын бүгінгі күн мерейлі
Тілектерді айтайын бүлкілдетіп көмейді.
Ақ жаулығың ақылдың туы болған,Анашым,
Періштелер әумин деп тілегімді жебейді.
Шуылдассын айналып немерең мен шөберең
Шаңырағың шайқалмай кеңейсін тағы керегең.
Көретін әлі қызық көп, 100-ден ассын ғұмырың
Ортамызда отыршы ақылды беріп демеген.

Орман болсақ мәпелейтін сен бағбан,
Бағдар берген жұмақ кілті сен қағбам.
Тілек тілеп жақсы ниет әрқашан
Ең жақсы ән өлеңімді мен жазғам.
Құттықтаймын,Анашым,мейрамыңмен
Бақыттысың өмірден жиғаныңмен.
Бала-шаға қызығын бірге көріп
Әкеммен бақытты бол сыйладым мен.

Әлдилеп тербеп өсірдің
Қатемді әркез кешірдің.
Еркелеп саған жаныңда
Болғаныңда есірдім.
Көтердің бәрін төзіммен,
Аналық мейір сезіммен.
Өшпестей жақсы із қалды
Балалық балдай кезімнен.

Теңіздейсің толқыған тылсымыңмен
Бәйтерксің өскен бала-бүршігіңмен.
Күлім күнсің гүлдеріңді мәпелеген
Жарық түнсің жұлдызыңмен жетелеген.

…-жасқа келдің сен бүгін
Ашып бақыт қонған үйдің түндігін.
Еңбегіңнің жемісін көруменен,
Ата берсін қуанышпен әр күнің.

Анасын 40 жасымен туған күніне арналған құттықтау тілек сөз

Қырықтың қырқасына жеттің,Ана,
Отбасыңа мейірім дәнін септің,Ана.
Шып-пыр боп баласы үшін тағат таппай
Тоқшылықтың шыбығын ектің,Ана!
Бағалаймын,мақтаймын бұл ісіңді
Саған орай шақтаймын мен күшімді.
Бақыттың отауында төрде жайғас
Әкемізбен ұзақ жаса кең пішімді.

Ананың орны бөлек бала үшін
Балаға тура таудай дара пішін.
Мейрамың құтты болсын,Анажаным,
Мейірімнің көрінісі дана мүсін.

Ұйқыдан көзім ашқанда
Алдымен сені іздегем.
Тәй-тәйлап қадам басқанда
Алдымнан үміт үзбеген.
Жан бар ма асқан өзіңнен
Жүрегіңнен сый ұқтым.
Отбасың болсын бақытты,
Төзімнен тасы биік шың.

Анашым 60 жасын құтты болсын!

Әсем сөзді кестелесем жүректен
Қазынаны қазып алсам күрекпен.
Сыйлап саған бәрін берсем қуантып
Бақытты жан болар едің тілекпен.
Керемет той бүгін бізде болуда,
Қуаныштың құсы келіп қонуда.
Отбасының мақтанышы,жүрегі,
Анажаным 60-жасқа толуда.
Тағдырың бақытты сый берсін баса,
Болмасын өміріңде мұңды таса.
Ортамызда ақыл беріп жүре бергін
Дәл осындай 60-ты тағы жаса!

Көктемнің шуақты күнінде
Әдемі мереке түрінде.
Өтуде нұр шашып бір мейрам
Анашым,әрқашан күлімде.

Қызының анасын туған күніне құттықтау тілек сөз

Мейрамыңыз құтты болсын,Анашым!
Сенен алам мол тәрбие парасын.
Денсаулық пен қуанышқа кенеліп,
Әкешіммен таба білгін жарасым.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *