мукагали макатаев биография на казахском
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948 — 49 жылы ҚазМУ-дың филология факултетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі “Текес”) ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды.
Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды. Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты
Ақынның әйелі не үшін өкінді: Мұқағали Мақатаев туралы қызықты деректер
Ақиық ақын 45 жыл ғұмырында сан ғасырға азық боларлық мол қазына қалдырды
Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Ақынның азан қойып шақырған аты — Мұхаметқали. Бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен «Мұқағали» деп еркелеткен. Мұқағалиден кейін бір қыз, үш ұл дүниеге келеді. Осылардың ішінде бір ұл мен қыз сәби күнінде шетінейді.
Мұқағали жастайынан әдеби шығармаларды сүйіп оқып, 14-15 жасынан өлең жаза бастайды. Қазақ классиктерінен бөлек, Есенин, Пушкин, Блок, Гейне, Гете, Дюма, Драйзер, Байрон, Бальзак, Шекспир және Лондонды сүйіп оқиды. Нарынқолдағы орта мектеп интернатта білім алып, кейін Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде, шет тілдер институтында, кейін ҚазМУ-дың заң факультетінде оқиды. 1973 жылы Мәскеу қаласындағы Максим Горький атындағы әдебиет институтының студенті атанады. Бірақ бұл оқуын да соңына дейін тәмамдамай, бір жылдан кейін елге оралады. Өзінің айтуынша, бұған балаларына деген сағынышы мен оқу бағдарламасына көңілінің толмауы себеп болған.
Университет қабырғасында білім алмауды жөн көрген ақын ауылдық кеңес хатшысы, туған ауылында орыс тілі пәнінің мұғалімі, аудандық газет тілшісі қызметін атқарады. Өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1950 жылдан бастап жарық көре бастайды. Кейін өзінің шығармашылық қарым-қабілетіне үлкен сенім артып, 1962 жылы Алматы қаласына қоныс аударады. Алып шаһарға келген соң «Қазақ» радиосында диктор, «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші, «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналында мәдени қызметкер болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, жазушылар одағының поэзия бөлімінде кеңесші қызметін атқарады. Алматыда қаржылай қиындықтарға тап болғанына қарамастан, осылайша ақын әрдайым қара өлеңге деген махаббат отын тұтатып отырды.
«Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» хикаясы
Ақынның жан дүниесін түсіну кез келгеннің қолынан келе бермейді және оның өмірлік серігіне айналу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Махаббат тақырыбының жыршысына айналған ақынның туындыларына аманатпен қарау Лашын Әзімжановаға бұйырған. Мұқағали Мақатаевтың сүйіп қосылған жары өлеңдерінің бірінші оқырманы әрі сыншысы бола білді.
«Әкеміздің алғашқы туындыларының сыншысы анамыз болды. Ол кісі ауылда да, Алматыға көшіп келгенде де орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ беріп жүрді. Әкемнің кабинетінен шыға сала өлеңін анама әкеліп оқып беретіні есімде. Шешем мұндайда өз пікірін айтып отыратын», — дейді ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев «Хабар» арнасының «Егіз жүрек» бағдарламасында.
Ақынның әйелі не үшін өкінді?
«Апамыз аттың үстінде әдемі көрінсе керек. Бірден «Мен осы қызға үйленемін» деп айтқан екен. Атамыз бұл кезде 17, ал анамыз 21 жаста болатын. «Жас айырмашылығына қарамастан, ауылда жүргенде бір-бірімізге хат жазып, үлкен қара тастың үстінде отырып таңды атыратынбыз. Сол кезде маған неше түрлі керемет өлеңін оқып беретін» деп айтатын анамыз. Бірде ауылдағы клубта «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» қойылымында атам мен анам басты рөлді сомдап, махаббат ұшқыны осы кезде пайда болған екен. Анам көпке дейін атам жас кезінде өзіне жазған хаттарды жинамағаны үшін өкініп жүрді», — дейді келіні.
Ақын жүрегін маздатқан ару бұл кезде ауылға жаңадан келген жас маман болатын. Ақын өзінен төрт жас үлкен білімді қызды қаратудан еш сескенген жоқ.
Лашынның шын есімі — Ләзиман. Жақындарының айтуынша, ер мінезді болғаны үшін жұрт оны Лашын деп атап кеткен.
Сырлы сезімге толы жыр арнаған сүйіктісіне ақын 1949 жылы қосылып, шаңырақ көтереді.
Ақынның жүрегіне жазылмас жара салған қандай оқиға?
Отбасыларында алты бала дүниеге келгенімен, екі үлкен қызы ажал құшады. Екеуінен кейін 1953 жылы Жұлдыз, 1958 жылы Алмагүл, 1960 жылы Айбар және 1966 жылы Шолпан есімді балалары дүниеге келеді.
«Майгүл мотоцикл қағып көз жұмғанда, әке-шешемнің қатты қайғырғанын көрдім. Түнгі сағат екілер шамасында екеуі бір-бірін құшақтап келді. Қайтыс болар шағында да күйзеліске түсіп, көпшілік тарапынан еленбей қалып жатты.
Халық жазушылар одағынан да шеттетілгенін жақсы біледі. Мінезінен өзіне талай жау тапты. Өте күрделі адам еді. Бірде Дінмұхамед Қонаевқа хат жазып, өзгеріс бола ма деп қатты күтті», — дейді Жұлдыз Мақатаев.
Келінінің айтуынша, ақын қайын атасы Алматыда жұмыссыз қалып, қаражаттан қатты қысылса да, қонақжай болған. Кейде, тіпті, қысылып жүргеніне қарамастан, өзімен бірге он шақты досын ертіп келіп ас беретінін айтады.
Осы замандағы саясаттың қитұрқы әрекеттері ақынды талай жылатты. Тіпті, шағын кітапшаларының өзі саяси сүзгіден өткен. Ал ақын үшін туған баласындай көретін жырларын бөлшектеп тастағаннан артық қасірет жоқ екені сөзсіз.
Ақынның ұлы әке жолын қумады
«Әкем «Мен барлық сын мен пендешілікті көтеремін. Бұл нәрсеге шыдаймын. Бірақ шығармашылығыма тиіскен адамдарды көтере алмаймын» деп үнемі айтып отыратын. Ол өзінің шығармашылығына өте адал қарады», — дейді ұлы.
Жұлдыз Мақатаевтың заңгер мамандығын таңдауына әкесі әсер еткен. Әулетінде заң саласында қызметкер болмағандықтан, ұлына заңгер мамандығын таңдауға кеңес берген.
Халық арасында көпке дейін «Ақын Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаевтың арасында сезім бар» деген әңгіме жүрді. Алайда Фариза Оңғарсынова отандық басылымдарға берген сұхбатында мұның тек аға мен қарындастың, ақын мен ақынның арасындағы байланыс екенін айтумен болды.
Ол айналасындағылардың мұндай қарым-қатынасқа шынайы сүйсініп қызығудың орнына қызғаныштың қызыл итін үргізуге тырысқанын жасырмайды. Сондай-ақ, мұндай тар ниетті адамдар «Алла тағаладан жазасын алды» деп айтқан-ды.
Менің де мінезім оңып тұрмаған соң, екеуі төбелесіп кетер деп ойласа керек. Бірақ үндемедім. Қолымнан жетектеп, аспазшылардың тамақ алып шығатын жеріне апарды. «Не айтасыз, аға?» деп едім, үш рет «Бала, шеңберден шығу керек» деді. Қайтадан жетектеп әкеліп орныма отырғызды да өзі кетіп қалды. Екеуімізге қатысты көптеген әңгіме болды. Бәлкім ол кісінің тарапынан махаббат болған шығар. Маған кейде жақсы көретінін ұялып айта алмай жүрген кішкене бала сияқты елестейтін», — дейді ақын.
Мұқағали Мақатаев 1976 жылдың 27 наурызында бауыр циррозы ауруынан көз жұмды. Ал әйелі 2006 қайтыс болды. Біраз уақыт ауруханада жатып емделмек болады. Сонда ақын әйелінің қатты қиналғанын көріп «Күрсінбеші» атты өлеңін жазған екен.
Болашаққа үлкен үміт артқан ақынның мол мұрасы ұрпақ санасында мәңгіге сақталары сөзсіз. Өзін поэзияның сыңарына балаған ақын биыл көзі тірі болса, 88 жасқа толатын еді.
Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны
Stan.kz аты аңызға айналған, қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянын ұсынады.
Мұқағали Мақатаев есімі бүгінде бар қазаққа мәшһүр. Ақын халқының сүйіспеншілігіне бөленген перзент. Қазақ халқын талантымен баурап алған Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Қарасаздың сұлулығы Мұқағалидың ақындық талантының қайнар көзі болды.
Ақынның азан шақырып қойған аты – Мұхамметқали. Бірақ ата-анасы Пайғамбардың есімімен жүру ауыр тиеді деген ниетпен бала күнінен Мұқағали деп еркелетіп кеткен.
Ақынның әкесі Сүлеймен қарапайым шаруа адамы болған. Мұқағали үйінің тұңғышы. Ақынның балалық шағы қызықты өткенін Қарасазға арналған «Туған жер» өлеңінде армансыз өткен балалық шағын еске алып, өткен күнге саяхат жасағанынан аңғарсақ болады. Мұқағали балалық шағының бүкіл әлемін сүйді және сол күндерді қатты сағынды. Және оның поэзиясының көптеген суреттерін тудырған дәл сол балалық шақтағы естеліктер болды. Бірақ соғыс Мұқағалидың өміріндегі барлық нәрсені өзгертті. Әкесі соғысқа кеткенде, ол 10 жаста еді. Ал өмірдің барлық ауыртпалығы балалық шағымен қоштасқысы келмеген жасөспірімнің иығына түседі. Жауынгер ұрпақтың барлық ұлдары сияқты, әйел мен балалар ғана қалған үйде ер адам ретінде қалғанын түсініп, ерте ер жетті.
Мұқағалидің әкесі майданда қайтыс болды. Сол уақыттан бері ол жай ғана сөніп, жоқ болып кетуге құқығы жоқ екенін түсінді. Өкінішке қарай, қарындасы мен інісі дүниеден ерте кеткен.
Ақынның анасының естеліктеріне сүйенсек, Мұқағалидің әдебиетке деген қызығушылығы 14 жасынан басталған. Ал өлең жазуға жары Лашынға деген махаббаты себеп болды. Ол сыртқы әлемнен және кітаптардан шабыттанды. Мұқағали Абай, Әуезов, Сейфуллин, Мүсіреповты оқыды. Орыс тілін өз еркімен өте жақсы меңгерген ол орыс әдебиетін, әсіресе Пушкин, Есенин, Блоктың поэзиясын оқыды. Шетелдік әдебиеттерден Гейн, Гёте, Дюма, Гюго, Байрон, Драйзер, Стендаль шығармаларына қызығушылық танытты. Бірақ бәрінен де Бальзак, Лондон және Шекспирді жақсы көрді. Мұқағали жазған естеліктерінің бірінде: «Иә, мен әдебиетті жақсы көремін. Мен үшін одан биік ештеңе жоқ» деп әдебиетті сүйетінін мойындаған болатын.
1948 жылы Мақатаев Нарынқолдағы мектеп-интернатты бітірді. Ол Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне, одан кейін Шет тілдер институтына және тағы да Қазақ мемлекеттік университетіне, бірақ заң факультетіне оқуға түскен. 1973 жылы Мәскеудегі Максим Горький атындағы әдебиет институтының студенті болды. Бірақ отбасылық жағдайға байланысты бірінші курста оқуды тастап кетті. Мақатаевтың жоғары оқу орындарына еш қиындықсыз түсіп кетуі оның қабілеті мен білімге ұмтылысын дәлелдейді. Мүмкін бұл Мұқағалидың жүрегінде мәңгі сақталып қалған әкесінің аманатынан шығар. Ақынның әкесі оған әжесі Тиін мен анасына, іні-қарындасына тіреу болып қана қоймай, сонымен бірге міндетті түрде оқы деп айтып кеткен.
Мақатаев ерте отбасын құрды. Ол 1949 жылдың көктемінде 17 жасында Лашынға үйленді. Ол кезде Лашын 21 жаста еді. Ақын болашақ әйелі Лашын Әлімжановамен Шибұт ауылында жұмыс істеп жүрген кезде танысты. Ерте отбасылы болған ерлі-зайыптылардың Ләззат, Майгүл, Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан есімді балалары дүниеге келді. Ауылда тұрып Мұқағали кеңес хатшысы болып жұмыс істеді, содан кейін мектепте орыс тілінен сабақ берді, аудандық газетте тілші болды.
Ақын 1962 жылы отбасымен Алматыға көшіп келеді. Оның өлеңдерін оқыған Әбділда Тәжібаев Мұқағалидан үлкен ақын шығады деп, Алматыға өзі шақырған. Қалаға көшіп келген ақынның кәсіби қызметі әдебиетпен тығыз байланысты болды. Ол қазақ радиосында диктор, «Социалистік Қазақстан» газетінің журналисі, «Жұлдыз» журналының қызметкері, Жазушылар одағының жастар істері жөніндегі кеңесінің басшысы болды.
Сыртқы жағдайлардың өзгеруіне қарамастан, Мақатаев ең бастысы поэзияға деген махаббатына тұрақты болды. Ол әрқашан өлеңдер жазып, жиі журналдар мен газет беттерінде жариялады. 1962 жылдан бастап, алғашқы кітап шыққан кезден 1976 жылға дейін ақынның сегіз өлеңдер жинағы жарық көрді. Олардың ішінде: «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан», «Жырлайды жүрек» және басқалар бар.
Әдебиет саласында жиырма бес жылдай уақыт жұмыс істеген Мақатаев мыңнан аса өлең жазды. Ол «Ильич», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Мавр», сондай-ақ әңгімелер мен повестердің, «Қош бол, махаббат» пьесасы мен заманауи қазақ поэзиясының мәселелері жарық көрген мақалалардың авторы. Поэзияның символы болған Мұқағали Дантенің «Құдіретті комедия» дастанының «Тамұқ» деген бірінші бөлімін аударды. Ол Шекспир, Уитман және шығыс ақындары мен орыстың заманауи жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударумен айналысты. Өзінің шығармашылық дарынын көптеген жолдармен көрсетті.
Мұқағали Мақатаевтың шығармаларында өмірдің барлық саласы қамтылған. Бүгінде оның туындыларын сүйіп оқымайтын, жақсы көрмейтін адам кемде-кем.
Алғашқы жеке өлеңдер мен поэтикалық кітаптардан Мақатаевтың қайталанбас дауысын анық көруге болады. Таза және айқын, адамның ең терең сезімдері мен толғаныстарын қарапайым тілмен жеткізуі, оның поэзиясын қолға алған оқырмандарды таңғалдырады.
Мақатаев махаббат пен достық, поэзия және табиғат туралы жырлады. Бірақ оның шығармалығында ерекше орынды Отан тақырыбы алады. Мақатаев туған жер тақырыбына жазылған өлеңдерінің бірінде «Қарасаздың алтын бесігі» деп аталатын кішкентай әлем арқылы үлкен әлемге есік ашқанын айтады.
Мақатаев туған жерінің сұлулығына тамсанудан жалықпады. Ол өз күнделіктерінде туған жердің табиғаты оның жанына қалай әсер еткені туралы жиі жазатын.
Достық пен туыстық даналығы қазаққа ұлы ата-бабаларымыздан қалғаны сөзсіз. Мақатаевтың «Отан» туралы қырық жыл бұрын жазған өлеңі тарихи дамудың жаңа кезеңінде өте заманауи естіледі.
Ақын – әр адам Отан алдында борыштар және оған жүрегінің отын беруге міндетті деп санады. Сондай-ақ ол поэзиясының отын Отанға арнады. Жоғары патриотизм оның өлеңдерінің органикалық қасиеті болды. Мақатаев өлеңдері арқылы өзінің жан дүниесін тәрбиелеген, шабыттануының қайнар көзі болған Отанды қалай қорғап, қамқорлық көрсету керектігін үйретеді.
Мақатаев қазақ халқына, оның болашағына сенді және оған қажет болуға тырысты. Күнделіктерінде ол: «Менің ойымда бір ғана арман бар. Бұл өз халқыма пайдайлы болу. Бірақ оған шындықты айтқым келеді. Халқым менің, сендерге даусымды қалай жеткізе аламын?» деген болатын. Ақынның өз халқына бере алатын жалғыз нәрсе – ұлттық дәстүр мен ұлттық сананың тереңдігінде туылған поэзия. Міне, Мұқағали халқына сондай поэзия сыйлаған ақиық ақын.
Мақатаевтың бақыты – өз халқымен бірге Отанында өмір сүру болды. Бірақ ол бәрінен де халқы мен туған жерінің бақытын жоғары қойды. Ақынның туған жеріне, халқына деген шексіз сүйіспеншілігі кез келген адамның жанына әсер етеді.
1972 жылдың басында Мұқағалидың Алматыға көшіп келгеніне он жыл болды. Осы уақытта ол атақ-даңққа ие болады, сонымен бірге ақын ауыр сынақты бастан өткереді. Ақын өмірінде үлкен қайғы орын алды. Сол жылдары оның 11 жасар үлкен қызы Майгүлді мотоцикл қағып кетеді. Содан ақынның отбасы көптеген жыл бойы жалдамалы пәтерлерде күнелтіп жүреді.
Мұқағали 1969 жылдың қараша айында қолжазбалары бар портфелін жоғалтып, кейін Жазушылар Одағынан шығарылып, жұмыссыз қалады. Жұмыссыз жүргеніне біл жылдай болған ақын өзімен, өзінің әлсіз тұстары мен қорқынышпен, емі жоқ ауруымен күрес жүргізді.
Мақатаевтың күнделіктерін оқи отырып, оқырман оның тек сезімтал және нәзік жанды ұлы ақын ғана болмағанын түсінеді.
1973 жылы 20 наурызда жазылған күнделіктегі жазбада ақынның достары мен жолдастарының ол туралы көптеген жалған мәлімет пен бұрмаланған ақпарат таратқаны баяндалған. Мақатаевтың күнделіктерімен танысқан кезде ақынның жалаңаш жүрегін көргендей секілді күй кешесің.
Күнделікті оқи отырып, ақының қайғы-қасіретін бірге сезінесің. Соңғы жазба 1976 жылдың 28 ақпанында – Мақатаевтың қайтыс болуына бір ай бұрын жазылған болатын. 1976 жылдың наурыз айының ортасында Мақатаевтың «Өмір дастан» атты соңғы өлеңдер жинағы жарық көрді. Емі жоқ ауруға шалдыққанына қарамастан, өле-өлгенше поэзияны сүйіп өткен ақын соңғы кітабы жарық көре сала жақындарына қойған қолтаңбасында, Мұқағали не себептен екені белгісіз «1976 жылдың 27 наурызын» белгіледі. «Поэзиям менің, мен өлсем де сен өлме» деп кеткен ақиық ақын дәл сол күні өмірден озды.
“Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы…” деген ақын ақын Мұқағали Мақатаев 45 жылдық ғұмырында сан ғасырға асық болардай мол қазына қалдырды.
1976 жылдың наурызында Мақатаевтың досы М.Жомартбек Ақтөбе облысында іссапарда жүріп, автобустағы кездейсоқ оқиғаның куәсі болды. Онда қазақтың жап-жас сұлу қызы газетті құшақтап, қатты жылады. Жомартбек бойжеткеннен не болғанын сұрағанда, қыз: «Мен өлеңдерін сүйіп оқитын ақын қайтыс болды» деп жауап қатты. Бұл Мақатаевтың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар жазылған газет еді. Сол көктемде Мұқағалиды жақсы көрген барлық адамдар мен оның оқырмандары автобустағы қызбен бірге қайғырып жылады.
Мұқағали Мақатаев қысқа, бірақ жарқын шығармашылық өмір сүрді. Ол отыз жылдай ғұмырын туған ауылы Қарасазында өткізді. Мәскеудегі әдебиет институтында өткен екі жылдық оқуын қоспағанда, оның соңғы он жыл өмірі Алматыда өтті. Ақынның достары мен замандастары оның оптимизмін, өміршеңдігін, ізденімпаздығын бағалады.
Мұқағали Мақатаев – ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының жарқын бейнесі. Ақын әдебиетке бәрін таңғалдырып, найзағай соққысы секілді енді.
Ол ауыр қиындықтарға толы өмір сүрді, оны жиі түсіне бермейтін. Өлеңдер жинағының алғашқы жинағы ақын ретінде танылғаннан кейін он үш жыл өткен соң шықты. Бірақ Мұқағали орыс тіліне аударылған аудармаларын көрмей кетті. Ақын ешқашан өмірге түңіліп, шағымданбады. Өйткені ол үшін шығармашылық маңызды болды.
Мұқағали Мақатаевқа атақ-даңқ қайтыс болғаннан кейін келді. Дантенің «Құдіретті комедиясы» аудармасының шығарылымы оның аудармаларының ерекшесі болды. Кейін поэзиялық жинақтары қазақ поэзиясының алтын қорына енгізілді. Ал нәзік поэтикалық өлең жолдары музыкаға қойылып, қазір әндетіліп жүр.
Мұқағали Мақатаев
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931 жылы дүниеге келіп, 1976 жылы дүниеден өткен. Шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған.
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жылдары), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жылдары), «Жұлдыз» (1965-1972 жылдары) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жылдары) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.
Ақынның туған ауданында бір орта мектеп, Алматы қаласында көше және гимназия оның есімімен аталады.
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).
Ол 1976 жыл дың 27 наурызында Алматыда дүниеден өткен.
Мукагали Макатаев: биография и наследие поэта
Мукагали Макатаев: YouTube/BekaShow
Мукагали Макатаев — казахский поэт, которого не слишком жаловали власти при жизни, но который до последних дней сохранил в душе детский идеализм и непосредственность. Настоящее признание пришло к поэту только после смерти. О том, какую жизнь прожил М. Макатаев, о его творческом наследии расскажем в статье.
Мукагали Макатаев: биография
Где родился наш герой в не самый простой исторический период? Биография его началась в 1931 году, на заре бурных преобразований, прокатившихся по республикам еще молодого СССР. Родился Мукагали Макатаев (Мұқағали Мақатаев) в холодный понедельник, 9 февраля, в небольшом селе Карасаз, что в Нарынкольском районе (Алматинская область).
Кто родители будущего поэта? Итак:
Умер известный казахстанский писатель Несипбек Даутайулы
Счастливое детство мальчика, как и миллионов других детей, прервала война. Отец, покидая дом навсегда, сказал 10-летнему сыну, что ему пора взрослеть и брать на себя заботу о семье.
Мукагали Макатаев — цитата поэта: Nur.kz
Пока где-то на западе грохотали канонады, Мукагали:
В книгах как русских, так и казахских поэтов мальчик открывал прекрасный мир, столь непохожий на реальный. Он наизусть знал многие стихи Пушкина и Есенина, а Блока считал полубогом. Обожал юноша мировую классику и не уставал восторгаться поэзией Шекспира, Гёте. После школы (школа-интернат в Нарынколе) работал секретарем в местных органах управления в родном ауле.
Первая и единственная любовь повстречалась Мукагали в 17. Девушку звали Лашын, была она преподавательницей казахского языка. Судьба свела молодых людей в Шибуте, где и сам Мукагали обучал детей русской речи. Всего через год, в 1949-м, молодые люди сыграли свадьбу.
Кабдеш Жумадилов: биография, жизнь и творчество
Лашын подарила супругу:
Мукагали Макатаев — отрывок из стихотворения: Nur.kz
Высшее образование Мукагали пытался получить неоднократно (поступал в КазГУ то на филологический, то на юридический факультет, то в институт иностранных языков этого вуза), однако из-за женитьбы мечту о получении высшего образования пришлось отложить.
С 1954-го по 1962-й Мукагали трудится диктором на радио. В 1962 году поэт переходит в журналистику. В этой сфере он проработал до 1972-го. Сначала руководил отделом в «Социалистік Қазақстан», а после:
В период с 1972-го по 1973-й поэт занимает должность литературного консультанта в республиканском Союзе писателей. Последняя попытка получить высшее образование произошла в 1973 году. Поэта приняли в Литинститут имени Максима Горького, что в Москве. Через год Мукагали Макатаев покидает и его. Виной тому состояние здоровья.
Сабит Муканов: биография и творчество классика казахской литературы
Когда умер великий казахстанец? Измученное сердце Мукагали Макатаева остановилось в 1976 году, 27 марта. Поэту на тот момент исполнилось 45 лет.
Мукагали Макатаев: творчество
Мукагали Макатаев: YouTube/Жанат Карабаев
В основном произведения Макатаева печатали в периодике. В 1948 году первое стихотворение выходит в газете «Советская граница». Только в 1951-м издается Мукагали вместе с другими молодыми авторами в сборнике «Песни молодости» («Жастар жыры»).
Первая настоящая известность пришла к поэту после публикации «Аппассионаты» в 1962 году. Еще через два года выходит поэма «Ильич». При этом Мукагали Макатаев, лирика которого пронизана состраданием к детям, выросшим в тяжкие годы войны, долго ждал издания своей первой книги.
Всего при жизни писателя вышло пять поэтических сборников. Все они были тепло встречены читателями. Так, в частности:
Мухтар Ауэзов: биография, творчество, произведения писателя
Мукагали Макатаев — цитата: Nur.kz
Неизбежность скорого конца гложет Мукагали. В свой 40-летний юбилей поэт создает стихотворение «Еще каких-то двадцать лет». В нем умоляет судьбу дать хоть несколько лет для полноценного занятия творчеством.
В 1975 году состояние Макатаева резко ухудшается. Мукагали надеялся на чудо, но в то же время объективно оценивал перспективы. Потому и погружается в творчество с головой. Всего за два месяца, проведенные в больничной палате, выдающийся казахский поэт создал почти четыре тысячи рифмованных строк.
Маншук Маметова: биография и подвиг
В последний период жизни пишет Мукагали Макатаев стихи, по общему признанию, лучшие. Они преисполнены такими чувствами и эмоциями, как:
Мукагали Макатаев — поэзия: Nur.kz
После кончины Макатаева выходит еще несколько сборников, заслуженно причисленных к лучшим произведениям казахской поэзии. Так, в период с 1976-го по 1982-й опубликованы:
Кроме того, в 1984 году появился сборник стихов, созданных в последние предсмертные месяцы, — «Шолпан». Посмертно издавались не только стихи Мукагали Макатаева, но и его нерифмованные творения. В частности, в 1988 году опубликован сборник прозы «Две ласточки».
Мухтар Шаханов: биография и творчество казахского поэта
Многие известные казахские песни — это стихотворения поэта, которые получили великолепное музыкальное дополнение. К примеру, народной стала композиция «Саржайлау». Полюбились и такие песни: «Терезеннін алдыннан», «Қазақстан», «Жумагали».
Памятник Мукагали Макатаеву: YouTube/Center Smart Tourism Int
Отдельно следует вспомнить наследие Макатаева иного рода — переводы. Поэт успел за короткую жизнь перевести на родной язык:
Талантливо переводил Макатаев русских классиков. Благодаря его таланту органично заговорили на казахском:
Любимый читателями, но третируемый завистниками поэт Мукагали Макатаев за свои 45 лет успел создать немало выдающихся произведений. Он сделал огромный вклад в национальную культуру и искусство Казахстана. Его талант признали только после смерти, но стихи его останутся в вечности.
Мустафа Шокай: биография, деятельность
Узнавайте обо всем первыми
Подпишитесь и узнавайте о свежих новостях Казахстана, фото, видео и других эксклюзивах.