махаббат кызык мол жылдар актеры
Махаббат, қызық мол жылдар
Құрметті, топ мүшелері! Тобымыз қазақша ақпарат тарататын болғандықтан, ой-пікірлеріңізді тек қазақ тілінде жазуларыңызды сұраймыз! Басқа тілде жазылған пікірлер бірден өшіріледі.
Махаббат, қызық мол жылдар запись закреплена
Бейсен Құранбектің қойын дәптеріне жазған сөздері.
Ар сақта! Намысты бол! Талаптан! Қарекет қыл! Тәуекел ет! Уәдеге берік бол! Мәрт бол!
Ақылға сал! Қайратты бол! Жүрегіңді жылыт! Біліміңді көбейт! Өнерді үйрен! Мінезді бол! Еңбек сүйгіш бол!
Ата тегіңді біл! Ана тіліңді сүй! Адал мен арамды ажырат! Обалды ойла! Сауапты іс жаса! Салт-дәстүрді ұста! Өнер-мәдениетті игер! Ата тарихтан тәлім мен шабыт ал! Өзіңе, өзгелерге, айналаңа жақсылық жаса!
Махаббат, қызық мол жылдар запись закреплена
Махаббат, қызық мол жылдар запись закреплена
Жарығым.
Бұл сезім біздерге опа бермес түбі,
Мендегі өлең – өткеннің өлмес құны.
Показать полностью.
Торығу – сағынышты күндерді аңсау,
Сағыныш – сол күндердің келместігі.
Бақыт деген – арманға ұмсынуың,
Уақыт құнын сондықтан білші, күнім.
Бейдауа дертіңді құр асқындырып,
Артық енді бейуақта күрсінуің.
Көңілді Күн, теңеген сезімді Айға,
Бұла мінез, тәкәппар кезің қайда.
Аямайды сені ешкім бұл қоғамда,
Сен де жаным, дұрысы өзіңді ойла.
Қызық емес, өмірдің ендігісі,
Өлім ғана – біздерге белгілісі.
Өкініштен ада бол, әрбір сәтің,
Сағынышқа айналсын ең дұрысы.
Авторы: Дәулет Телманов
Махаббат, қызық мол жылдар запись закреплена
Жасыра алман жанымның таңданысын,
Қарсы тұрар ғаламға бар ма күшім.
Өлең оқып бердім мен жұлдыздарға,
Түн іші. Сені есіме салғаны үшін.
Показать полностью.
Ауырлатып жүректің мұңданысын,
Қауызында гүлдердің тұнғаны үшін.
Өлең оқып бердім мен, таңғы шыққа,
Дәл өзіңдей мөлдіреп тұрғаны үшін.
Тәтті шақтың білсем де өтпелісін,
Кіршіксіз көңілімнің көктемі үшін.
Өлең оқып бердім мен самалға да,
Өбектеп, өн бойыңнан өпкені үшін.
Көздеріңдей дәл сенің қою, қара,
Өлең оқып бердім мен мойылға да.
Бұла жаның секілді бұлттарға да,
Нәзіктікпен иілген қайыңға да.
Бұлақтарға, құстарға, дала, гүлге,
Қара шашың секілді қара түнге.
Өлең оқып бердім мен, өр еңсесін,
Көкжиектен көтерген жаңа күнге.
Тауларға да, қырларға, алаңға да,
Тастарға да, құмдарға, көгалға да.
Күллі әлемге тыңдаттым өлеңімді,
Оқып бере алмаған, саған ғана.
Авторы: Дәулет Телманов
Махаббат, қызық мол жылдар запись закреплена
Әлемде талай қызық бар!
Ұшақпен ұшатын адамның шашы жерде жүрген адамға қарағанда екі есе тез өседі;
Қызанақ көкөніс емес, жеміс;
Показать полностью.
Үндістанның ұлттық валютасы – рупияны бұл елге шеттен әкелуге және мемлекеттен әкетуге заң жүзінде тыйым салынған;
Шаянның жүрегі басында орналасқан;
Қорылдап ұйықтайтын адам мүлде түс көре алмайды;
Аралардың екі асқазаны бар: бірі балға, бірі тамаққа арналған;
Египетте 200 жылда бір рет найзағай ойнайды;
Белгілі актер Чарли Чаплин кейіпкерлері арасындағы байқауға қатысып, үшінші орын алған;
Әлемде әр 10 секундта 26 сәби дүниеге келеді;
Орташа алғанда балалар күніне 400 рет, ал ересектер 15 рет күледі;
Алты-жеті айлығына дейін сәби бір уақытта тамақ ішіп, дем ала алады. Ересектер мұны істей алмайды;
100 жасқа дейін өмір сүретін қарттардың 80 пайызы әйелдер;
Адам терісіндегі тірі организмдер Жердің жалпы тұрғындарынан бірнеше ондаған есе көп;
Дүние жүзінде 365 миллион адамның жеке компьютері бар. Әлем халқының жартысы компьютер мен телефонның не екенін білмейді;
Ғашығына қараған адамның қарашығы 45 пайызға үлкейеді;
♦ Әлемде ешкім көзін ашып, түшкіре алмайды;
♦ Ғарышта көзден жас шықпайды. Гравитацияның жоқ болуы әсерінен жас кішкентай көпіршіктерге айналады да көзді ашытады;
♦ Әр көзде 107 миллионнан астам жасуша бар, олардың барлығы жарықты сезінеді;
♦ Әйелдер ерлердің көзіне қарап, олардың нақты мақсаттарын анықтауы үшін 8 секунд қажет;
♦ Нәрестелер заттарды тек 38 сантиметр қашықтықта көре алады;
♦ Бір нәрсе көзге түскенде, жылағанда немесе есінегенде көздің құрамы өзгереді;
♦ Әр түрлі инфекциялар мен вирустар ағзаға мұрын және ауыз арқылы енгендей, көз арқылы да енуі мүмкін;
♦ Құмырсқалар илеуін жылыту үшін алдымен күн сәулесіне шығып жылынады да қайта илеуіне кіреді. Осылай илеудегі температура сыртқы температурадан +10 градусқа жылы болады;
♦ Әлемде күріштің 7000 түрі бар. Біз бірақ оның сатылатын 10 шақты түрін білеміз;
♦ 100 грамм бал жинау үшін аралар Жердегі экватор ұзындығынан көп, яғни 46 000 шақырым жүруі керек;
♦ Кәдімгі бақа өмірі барысында 3 тонна шыбын мен масаны аулайды.
Мүсірепов театрының сахнасында – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы
Спектакльдің дайындық жұмыстарына төрт ай уақыт кеткен.
Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жазушы Әзілхан Нұршайықовтың әйгілі романы «Махаббат, қызық мол жылдар» сахналанды.
Ербол рөлін – Дархан Сүлейменов, ал Меңтайды Гүлбаһрам Байбосынова ойнады. Режиссер Фархад Молдағали романды түгел қамтуға тырысқан. Спектакль қазіргі заманға бейімделсе де, сюжеті, кейіпкерлердің сөзі роман желісінен ауытқымайды. Ерболдың оқуға келіп, қыздармен танысуынан бастап Меңтаймен бірге болуына дейін сахналанған. Режиссер шешімі – оқиғаны автор сөзімен баяндау. Автор рөліндегі бірнеше актер кезек-кезек шығып, роман желісінен үзінді оқып, көрініске сай әнмен жалғастырады.
Фото: Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөсірімдер театрының баспасөз қызметі
Режиссерге бес жыл бұрын осы спектакльді қою идеясы келіп, сол кезден бері оның сахналық нұсқаларын жасап келген.
«Шығарманы қою барысы қиын болды. Үлкен роман болғандықтан кейіпкерлер образын жоғалтып алмай сахналап, халыққа тартуды мақсат еттік. Екі жарым сағатқа созылған қойылымды көрермен тапжылмай тамашалады. Театрда антрактсіз спектакль болмағалы көп болды. Табиғилық бар болған соң ХХ ғасырда болған оқиғаны қазір өтіп жатқандай сезінді. Роман кейіпкерлері сол қалпында суреттелді. Актерлер рөлін қалай сезді, тура солай ойнап шықты. Премьераға төрт ай дайындалдық. Көремен мен актер арасында байланыс орнатқымыз келді. Қойылым Әзілхан атамыздың рухына арналады. Сол кісінің ойларын барынша жеткізуге тырыстық», – деді Фархад Молдағали.
Қойылымды музыкамен сүйемелдеген – композитор Ербол Нариманұлы. Бұрын жарық көрген «Таңғы блюз», «Туған үй» және «Тағдыр солай» әндері шығармамен үйлесім тапқан. Ал қалған музыканы бір айдың көлемінде жазып шыққан.
«Толық үлкен қойылымға арнап алғаш рет музыка жаздым. Қойылымда бұрын шыққан үш әнім қолданылды. Меңтай мен Тұмаржанның сахнасындағы және басқа да фондағы музыка қойылымға арнап жазылды. Көпшілікке таныс шығарма болғаннан кейін музыка жазу қиынға түсті деп айта алмаймын. Қойылымның халықтың жүрегіне жетіп жатқанына шын қуаныштымын. Репетицияларда үзінділерді қойғанда кейде көзіме жас келетін. Премьерада толқыдым. Дайындықты қанша көрсем де, әлі тоя алар емеспін», – деді композитор.
«Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклінің премьерасы театр сахнасында 19 маусымнан бері қойылып жатыр.
«Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаясы эфирге шығады
Бүгіннен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаясы эфирге шығады, деп хабарлайды Egemen.kz
Сериал Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың әйгілі романының желісі бойынша түсірілген. Қалың оқырманның тұмарындай болған шығарма көрерменге телевизиялық көркем фильм ретінде жол тартпақ. Телехикая оқиғасы майданнан аман оралған ардагер жазушының бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігінен бастау алады. Бас кейіпкер Ербол образы арқылы қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен шынайы махаббат сезімі баяндалады. Телехикаяның продюсері – Ернар Маликов.
«20 бөлімді туындыға актерлерді таңдау жаз айларында толықтай онлайн кастинг арқылы жүргізілді. Үміткерлерден 7300-ден астам фото, бейнеөтініш келіп түсті. Кастинг барысында халықтың даусымен қатар, үміткерлердің актерлік шеберлігі де ерекше назарға алынды. Актерлерлік құрамды онлайн таңдау, халықтық сипат алған шығарманы кино тілінде сөйлету – Ұлттық арна үшін үлкен жауапкершілік және тың тәжірибе болды», деп хабарлайды «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Баспасөз қызметі.
Басты кейіпкерлер Ербол мен Меңтайдың рөлін жас актер Ермек Тұрғанбек пен Нарқыз Айдарова сомдады. Н.Айдарова қазіргі таңда Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының 4 курс студенті. Бұған дейін Ұлттық арнаның «Күй-ғұмыр», «Ғазиз жүрек», «Өмір-өзен» телехикаяларында негізгі рөлдерді сомдаған. Ермек Тұрғанбек Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын актер, теледиктор мамандығы бойынша тәмамдаған. «Qazaqstan» телеарнасының «Ауылдастар» телехикаясында ойнады.